Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезқазғанда полицейлер арасында эстафета өтті

23 – маусым Қазақстан полициясы күніне орай Жезқазған қаласында полицейлер арасында эстафета өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан полициясы күні қарсаңында Ұлытау облысы полиция департаментінің арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының ұйымдастыруымен полицейлер арасында эстафеталық сайыс ұйымдастырылды. Эстафетаға облыстық ПД, Жезқазған қалалық полиция басқармасы, Сәтбаев қаласының полиция бөлімінің қызметкерлері, мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері және жергілікті бөліністерден құралған командалар қатысып, өзара бақ сынасты.

– 23 маусым – полиция күні қарсаңында ұйымдастырылған бұл сайыстың мақсаты полиция қызметкерлерінің физикалық дайындығын жетілдіру, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеймін, қоғамдық қауіпсіздікті қадалағалау жолында атқарған еңбектеріңізге алғыс айтамын. Кәсіби мерекеміз құтты болсын, – деді полиция департаменті бастығының орынбасары Бахтияр Смағұлов.

Эстафеталық жарыс басқапқы кезеңде ерлер арасында 400 метр қашықтықта газ тұмылдырығы арқылы жүгіру, әйелдер арасында 200 метрге жүгірумен жалғасты. Оқ-дәрі толы жәшікті сүйреу, Макаров тапаншасын шашып жинау секілді түрлі тапсырмаларды орындау арқылы жеңімпаздар анықталды. Эстафеталық жарыстың қорытындысы бойынша облыстық полиция департаментінің командасы бас жүлдені иеленіп, жарыс жеңімпазы атанды. Келесі кезекте екінші орынды мамандандырылған күзет қызметі басқармасы жеңіп алса, Сәтбаев қаласының полиция бөлімі үшінші орынды місе тұтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру