Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда қаза тапқан полицейлер мен Ұлттық ұлан әскерилерінің обелискіне гүл шоқтары қойылды

Павлодар полицейлері қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің обелискіне гүл шоқтарын қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер органдарының туыстары мен ардагерлері үшін бүгін ерекше күн. Қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан, ең қымбаты – бейбіт азаматтардың тыныштығын қорғап, оларға өмір сыйлаған қызметкерлерді еске алды: Ахметқали Тезекбаев, Мейрам Дәулетов, Қанат Сармантаев, Асылбек Бижанов, Ерлан Нұржанов, Ербол Сембаев, Фарид Какабаев, Харки Арли.

– Батырларымыздың есімдерін мәңгі есте сақтаймыз, олар жайлы жас ұрпаққа нағыз батырлар бар екенін айта жүретін боламыз. Бүгін біздің жүрегіміз ауырады, бірақ біз олардың адалдығы мен батылдығын мақтан етеміз. Күн сайын қызметке шыққанда, біз оларды еске алуымыз керек. Өз өмірлерін қиған балалардың батылдығы мен батырлығы қазіргі уақытта сапта тұрғандар мен заңды қорғаушылар үшін үлгі, – деп атап өтті Павлодар облысы ПД бастығы Василий Скляр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру