Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жоғалып кеткен қызылордалық бала табылды

Қызылордалық полицейлер жоғалған баланы кезекші тәулікте тауып, аман-есен анасына тапсырды,-деп хабарлайды Polisia.kz.

3 наурыз күні сағат 22:50 шамасында Қызылорда қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне Қызылорда қаласында тұратын кәмелетке толмаған бала үйінен белгісіз бағытқа шығып, оралмағаны туралы хабар түсті.

Жоғалған баланы іздеу үшін Қызылорда қалалық Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің жеке құрамы жұмылдырылды.

Полиция қызметкерлері барлық полиция учаскелеріне бағыт-бағдар беріп, адамдар көп жиналатын орындарды, шатырлар мен қараусыз қалған ғимараттарды тексерді.

Полицейлермен жүргізілген іздестіру жұмыстары барысында жоғалған бала қала орталығында табылып, аман-есен үйіне оралды. Бүгінгі таңда баланың анасымен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Бұл ретте, тәртіп сақшылары ата-аналарға кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу, ескерту, жол бермеу және олардың құқықтарын қорғау мақсатында бақылауды күшейту қажет екендігін ескертеді.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру