Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жол тәртібі қатаң бақылауға алынды

Шымкент қаласының Диваева көшесі бойындағы жол тәртібі бақылауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.Жергілікті тұрғын қаладағы Диваева көшесінің бойында бағдаршам мен жасанды жол кедергілері мүлдем жоқ болғандықтан, кейбір автокөлік жүргізушілері жылдамдық тәртібін сақтамай жүретінін айтқан болатын.

Аталған мәселе Шымкент қаласы Полиция департаментімен назарға алынып, Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері осы мәселеге қатысты тиісті шешім қабылдау мақсатында аталған мекенжайға барып, тексеру жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде Диаваева көшесінің ұзындығы 2 км 300 метрді құрап, онда жол жүрісін реттейтін жалпы 57 жол белгілері орнатылған. Атап айтқанда: “Бағдаршам” – екі; “Жасанды жол кедергісі” – екі (белгісі – 4); “Басты жол” белгісі – сегіз; “Жол беріңіз” белгісі – 20; “Тұрақ орны” белгісі – үш; “Жаяу жүргіншілер өткелі сызбасымен” – төрт (белгісі – 14).

Жасанды жол белгілері – оқу-тәрбие мекемелерінің, балалар алаңқайларынан, көпшілік демалатын орындардың, стадиондардың, вокзалдардың, үлкен дүкендер мен сауда орындарынан, метрополитен станцияларынан өтетін бөлікке шығатын жолы бар орындарда қолданылады және орналастырылған.
Барша жол қозғалысының қатысушыларын жол жүру ережелерін сақтауға шақырамыз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру