Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Індеттің алдын алу мақсатында жадынама қағаздарын таратты

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық пробация қызметі Бесқарағай ауданының “Жастар ресурстық орталығымен” бірлесе бүкіл әлемде болып жатқан індеттің алдын-алу жолдарымен тұрғындарға таныстыру жадынама қағаздарын таратты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күннен-күнге жұқтырған науқастар саны өсуде. Сол себептен әр адам санитарлық гигиена талаптарын сақтауға міндетті.

– Біз аудан тұрғындарын көпшілік тамақтанатын жерлерге, қоғамдық орындарға, базарларға барудан бас тартқан жөн екендігін, қолды жиі-жиі сабындап жуып, арнайы антисептикалық құралдарды пайдаланулары керектігін түсіндірдік, – деді Бесқарағай аудандық пробация қызметінің инспекторы Әсем Әскербек.

Алдағы уақытта КВИ-дің таралуына жол бермеу үшін бірқатар шара қабылданып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру