Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Жүргізуші куәлігін алып беремін”: Ақтөбеде тұрғын 400 мың теңгесінен айырылды

Ақтөбеде алаяқтық жасаған 27 жастағы қала тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 18 қазанында қалалық полиция бөліміне 32 жастағы жергілікті тұрғын алаяқтық туралы арызданған.

Өтініш берушінің айтуынша, 30 қыркүйекте оған таныс емес ер адам жүргізуші куәлігін алуға өз көмегін ұсынған. Осылайша, оған интернет-банкинг арқылы осы қызмет үшін 400 мың теңге мөлшерінде толық төлемді аударуды сұрады. 32 жастағы ер адам алаяқтықтың құрбаны болды. Шығын сомасы 400 мың теңгені құрады.

Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады, ол 27 жастағы ақтөбелік болып шықты.

Екінші жағдайда, 28 жастағы жергілікті тұрғын 72 жастағы ақтөбелікке жер учаскесіне құжаттарын рәсімдеуді ұсынды. Өзінің “болжамды” қызметі үшін 18 мың ақша сұрады, зейнеткер бұл соманы еш ойланбастан берді.

Екі жағдайда да ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті барлық қызметтерді мемлекеттік органдардан алу керектігін еске салады. Заңды тіркеу процедураларын елемеу екі тарап үшін де қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін атап өткіміз келеді.

Облыстың полиция қызметкерлері алаяқтықтың жиілеп кеткендігі туралы ескертеді. Ешқандай жағдайда бөтен адамдарға ақша аудармаңыз, сізге белгісіз абоненттердің балансын толтырмаңыз, банк карталарының деректерін айтпаңыз және бейтаныс адамдарға ақша жібермеңіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру