Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жыл басынан бері елордада камералардың көмегімен 423 қылмыс ашылды

Жыл басынан бері елордада камералардың көмегімен 423 қылмыс ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бейнебақылау жүйесі қоғамдық тәртіпті қорғауға, қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған техникалық құралдардың құрамдас бөлігі. Қазіргі уақытта елорданың жедел басқару орталығында 33 мыңнан астам камералар орнатылды. Олардың бір бөлігі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламалары аясында орнатылып, жұмыс істейді.

Жыл басынан жедел басқару орталығының және басқа да қызметтердің қызметкерлері бейнекамералардың көмегімен 423 қылмысты анықтады. Сондай-ақ камераларда 4 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты тіркелген.

Осы жылдың қаңтарында жедел басқару орталығы операторларының қатысуымен бұзақыны кідіріссіз ұстау мүмкін болды. Түнде барлардың бірінде 33 жастағы ер адам бұзақылық ниетпен келушінің жамбас тұсын пышақтап, жарақаттап кеткен. Қылмыс жасаған соң ер адам оқиға орнынан ізін суытқан.

Камералар арқылы полицейлер бұзақының жүріп өткен жолы мен қай жерде екенін қадағалап, кейін ол ұсталып, полицияның уақытша ұстау изоляторына жеткізілген. Суық қаруды қолдана отырып жасалған бұзақылық үшін құқық бұзушыға шектеу немесе үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылмақ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру