Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жыл басынан бері Петропавлдың ойын-сауық орындарында 6 қылмыс орын алды

Жыл басынан бері Петропавлдың ойын-сауық орындарында 6 қылмыс орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Олардағы қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп тақырыбы полицияның жұртшылықпен диалогында ара-тұра қозғалады. Қаңтар айында Петропавл аумағында негізінен түнгі уақытта осындай мекемелерде жасалған 6 қылмыс тіркелді. Бұл 4 ұрлық, 1 бұзақылық және жеке күзет қызметі қызметкерлерінің өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі.

Ал Тайынша ауданында жергілікті тұрғын ауылдық кафеде қасқырдың тұлыбын ұрлап кеткен. Ұрланған заттарды қолданып үлгермеген, ал таңертең ол жедел қызметкерлерге балаларға тұлыпты көрсеткісі келгендігін түсіндірді. Мүлік иесіне қайтарылып, ол өз кезегінде татуласуға келісім білдірді.

Полиция қызметкерлері алдын алу шараларын тұрақты түрде қабылдайды: ойын-сауық орындарына жаяу нарядтар мен автопатрульдер жақын жүреді, кәмелетке толмағандар істері және басқа да қызметтер бойынша учаскелік инспекторлар тартылған рейдтер үнемі өткізіліп тұрады. Айта кетерлік жайт, қаңтар айында түнгі кафелердің бірінің иесі жасөспірімнің болуына рұқсат бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов атап өткендей, ойын-сауық мекемелеріндегі және олардың айналасындағы құқықтық тәртіптің жай-күйіне бейнебақылау мен мамандандырылған күзеттің болмауы әсер етеді. Ойын-сауық орындарындағы бар күзет кей кезде туындаған қақтығыстарды тоқтата алмайды, олар тек шу шығаратын қонақтарды көшеге шығарумен шектеледі.

Бұл мәселелер СҚО ПД жанындағы консультативтік-кеңесші органның соңғы отырысында талқыланды. Нәтижесінде ойын-сауық мекемелерінің иелерімен өзара әрекеттесуді күшейтуге бағытталған бірқатар бастамалар болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру