Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жыл басынан Түркістан облысында Ресей көліктерінің қатысуымен 150 жол апаты орын алды

Түркістан облысында жыл басынан Ресей көліктерінің қатысуымен 150 жол апаты орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында жыл басынан бері Ресей көліктерімен 150 жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан 52 адам қаза тапқан және 151 адам жарақат алған. Әрине, бұл өкінішті жағдай. Оған қоса жол ережесін елемейтін жүргізушілер, шетелдік, тіркеусіз автокөліктерімен 55 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны белгілі болды. Оларға 900 миллионнан астам айыппұл салынған.

Соның ішінде соңғы статистика мәліметі бойынша белгіленген жүру жылдамдығын арттырған 23 683 жүргізуші анықталды. Яғни көліктерін қатты айдайтындар қатары көп болып тұр.

Түркістандық тәртіп сақшыларымен жолаушыларды немесе жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін, мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамаудың 4 485 жайты, жол қиылыстарынан өту қағидаларын бұзып, жолдың жүру бөлігін кесіп өтудің 1 378 жайты, жол белгілері мен жолдың жүру бөлігіндегі таңбаларда көрсетілген талаптарды сақтамаудың 4 479 дерегі анықталған. Ал ҚР ӘҚБтК-нің 602-бабы бойынша 3 836, 614-бабы (Көлік құралдарының жүруіне кедергі келтіру) бойынша 2 509, 630-бабы (Жолдарды, теміржол өтпелерін және басқа жол құрылыстарын бүлдірумен) 2 560 жайт орын алған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру