ШҚО полицейлері қарызын қатармай жүрген ер адамды пойыздан түсіріп алды
ШҚО полицейлері 2,4 млн теңге қарыз болған қазақстандықты «Алматы-Астана» пойызынан түсіріп алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ер адам бизнес бойынша серіктесінен қомақты қаражат ақша сомасын қарызға алып қашып кеткен.
Өскемен қаласы Полиция басқармасының көші-қон қызметі бөліміне Жеке сот орындаушысынан қала тұрғынына қарыз болып қалған 33 жастағы азаматтан екі миллион теңгеден астам қарыз өндіріп алу туралы қаулы келіп түскен. Жәбірленуші тараптың айтуынша, бұрынғы бизнес серіктесі 2020 жылғы желтоқсанда қолхатпен 2,4 млн теңге қарыз алған, алайда екі жыл ішінде бір тиын да қайтармай, ұзақ уақыт бойы байланысқа шықпаған.
Іздестіру іс-шаралары барысында ШҚО ПД көші-қон қызметінің қызметкерлері борышкердің орналасқан жерін анықтаған. 33 жастағы қаскөй осы уақытта Алматыдан елордаға бара жатқан пойызда болған. Полицейлер борышкерді Шу қаласындағы станцияда ұстаған.
Енді қарызды өндіріп алумен сот орындаушылары айналысатын болады.
– Жыл басынан бері ШҚО Полиция департаменті 70-тен астам борышкерді анықтады, – деді ШҚО ПД КҚҚБ бастығының міндетін атқарушы Ринат Шкибаев.
ШҚО ПД көші-қон қызметі атқарушылық құжатты орындамағаны үшін Заңмен ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік және ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.