Қостанайлық полицей Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Қостанайлық полицей Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ЖҚАЖ инспекторы Асқар Абдолла Ақтау қаласында самбодан өткен Азия чемпионатында екінші орынды иеленді. Аталған чемпионатқа Азия елдерінен 400-ге жуық спортшы қатысты.
Асқар Абдолла алғашқы кездесуде өзбекстандық қарсыласын айқын басымдықпен басып озып, келесі кезеңде Армениядан келген спортшыны 8:3 есебімен жеңді.
– Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Кез келген жеңіс, кез келген жүлделі орын мен үшін спорттағы өз шеберлігімді жетілдіруге үлкен ынталандыру, – деп атап өтті күміс медаль иегері Асқар Абдолла.
Полиция капитаны қазіргі күні келесі спорттық жарысқа дайындықты белсенді бастап кетті. Желтоқсан айында ол Семейде өтетін Қазақстан чемпионатына аттанбақ.