Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семей тұрғыны 1,2 млн теңгесін алаяқтарға беріп қойды

Семей тұрғыны 1,2 млн теңгесін алаяқтарға беріп қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz

20 қазан күні Семей қаласы ПБ Орталық полиция бөліміне облыс орталығының 18 жастағы тұрғыны жүгініп, белгісіз жігіттердің мобильді қосымша арқылы өзін алдау және сенімін теріс пайдалану жолымен ақшасын иемденіп кеткенін хабарлады.

Белгілі болғандай, 18 жастағы Семей қаласының тұрғыны бейтаныс адамдармен 16 қазан күні өзінің досы шақырған жалдамалы пәтерде танысқан. Алаяқтар аталған азаматқа заң тұрғысынан көмек көрсетеміз деп алдап, 1,5 млн теңгеден астам қаржысын қолды қылған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 17, 19, 20, 21 жастағы қаланың төрт тұрғынын анықтады. Жауап алу барысында ұсталғандар жасаған қылмыстарын мойындады. Алайда олар ақшаны өз пайдаларына жұмсап жіберген.

Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру