Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ өткізіп жатыр

СҚО полицейлері «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ өткізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Заңсыз сақтаудағы қаруды алу, қылмыскерлерді іздеу, ЖҚЕ сақтау және есепте тұрған тұлғаларды қадағалау – бұл «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілетін жұмыстың бір бөлігі ғана. Операция СҚО аумағында желтоқсанның 12-сі бастау алды.

Полиция қызметкерлерімен екі күнде тұрғылықты жерлері бойынша 1300 «есептегі тұлға» тексеріліп, отбасылық жанжалқорлардың мінез-құлықтарына қойылған ерекше талаптардың 6 бұзушылығы, шартты түрде мерзімінен бұрын босату режимінің 7 бұзушылығы анықталды.

Сондай-ақ қараусыз қалған ғимараттар, саяжай үйлері, жалдамалы пәтерлер тексерілді. Түнгі рейдтер барысында жасөспірімдердің түнгі уақытта үйден тыс жерде болуының 38 фактісі анықталды, ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасының мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, криминогендік факторларды төмендету, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасы бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.

Бірқатар аудандардың тұрғындарынан ИЖ-58 и ТОЗ-БМ, ТОЗ-34 ЕР тіркелмеген тегіс ұңғылы мылтықтары, сондай-ақ маркасы әзірше белгіленбеген 4 мылтық алынды. Алынған барлық мылтықтар сараптамаға жіберілді. М.Жұмабаев ауданының және Петропавл тұрғындарынан ойық ұңғылы қаруларға колибрі 5,6 және 5,45 патрондар табылды. Петропавл қаласының аумағында іздеудегі екі қылмыскер анықталды.

Мамлют ауданының 48 жастағы тұрғыны ҚР ҚК 430-бабы (Сот актісін не атқарушылық құжатты орындамау) бойынша іздеуде болған. 44 жастағы қалалық масаң күйде көлік басқарғаны үшін ресейлік полициямен іздеуде болған, көрші мемлекеттің заңнамасына сәйкес бұл бап қылмыстық жауапкершілікті қарастырады.

Екі күнде облыс жолдарында 7 мас жүргізуші тоқтатылды. Облыс бойынша барлығы 744 түрлі әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның 125-і қоғамдық орындарда масаң күйде болу, 48 фактісі отбасылық зорлық-зомбылық, 31 фактісі жүргізушілердің жылдамдық режимдерін бұзуы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру