СҚО криминалистері бір жылда 3,5 мыңнан астам зерттеулер жүргізді
СҚО криминалистері бір жылда 3,5 мыңнан астам зерттеулер жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Погондағы ғалымдар – қылмыс орындарындағы іздер мен заттай дәлелдерді іздеумен, алумен және зерттеумен айналысады. Олардың жұмысының нәтижесінде күдіктілердің кінәсі расталады немесе жоққа шығарылады. Ауыр және аса ауыр қылмыстар жасалған орындар криминалистерсіз тексерілмейді. Олардың қатысуы міндетті.
Жалпы, өткен жылы криминалистер оқиғалар орнына 2,5 мыңға жуық рет шықты. Бұл облыста тіркелген барлық қылмыстардың 70%-ын құрайды. Мамандар тергеу әрекеттері шеңберінде 3611 криминалистикалық зерттеулер жүргізді. Олардың негізгі бөлігі – қол мен саусақтардан қалған іздерді зерттеу. Бір жыл ішінде дактоесептер бойынша жүргізілген жұмыстар 140 қылмыстың ашылуына ықпал етті, олардың үштен бірі – ұрлықтар. Сондай-ақ фото және бейне есептер бойынша жұмыстар жүргізіледі. Мысалы, күдікті адамдардың фотороботтарының жасалуы 95 қылмыстың ашылуына көмегін тигізді.
– Сондай-ақ «трасология» ұғымына біріктірілген биологиялық және иіс іздері, барлық басқа да іздер зертеледі. Криминалистерде аяқ киімдердің, көлік құралдарының, бұзу құралдарының және басқа да қылмыс түрлерінің іздері бар. 12 айдың ішінде оларды пайдалану 23 ұрлықтың, оның ішінде төрт пәтер ұрлығының, көлікті айдап әкетудің 4 фактісінің және басқа да бірқатар қылмыстардың ашылуына ықпал етті, – дейді СҚО ПД Жедел-криминалистикалық басқармасының бастығы полиция подполковнигі Қанат Оспанов.