Павлодар облысының полицейлері 10-нан астам қойды ұрлаған күдіктіні анықтады
Павлодар облысының полицейлері 10-нан астам қойды ұрлаған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар ауданына қарасты ауылдардың бірінің тұрғыны кезекші бөлімге 11 бас қойының ұрланғаны жөнінде арызданған. Келтірілген шығын 550 мың теңгені құраған.
Учаскелік полиция инспекторы Сағадат Инсебаев жақын маңдағы аумақтарды түгел аралап, барлық қажетті шараларды мұқият жүргізді. Жүргізілген іздестіру шараларының нәтижесінде жедел уәкілдер ұрлық жасаған күдіктіні ұстады. Ол 32 жастағы шаруа қожалығының бірінің жұмысшысы болып шықты.
Белгілі болғандай, ол ұрланған қойларды Аққулы ауылының тұрғынына сатып жіберген. Қазіргі уақытта қойлар иесіне қайтарылды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1 бабы (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.