Қостанайлық полицейлер Молдова елінің тумасына құжаттарды рәсімдеуге көмектесті
Қостанайлық полицейлер Молдова елінің тумасына құжаттарды рәсімдеуге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Молдованың тумасы облыс аумағында ұзақ уақыт азаматтығы жоқ адам мәртебесінде тұрып келген.
Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін оған Молдова азаматтығының жоқтығы туралы құжат қажет болған, Молдова елшілігінің Мәскеуде болуына байланысты ер адам оны талап ете алмаған.
2022 жылы ол бұл мәселені шешу үшін көші-қон қызметіне жүгінген. Көші-қон қызметінің қызметкерлері Ресей Федерациясындағы Молдова елшілігіне сұрау жіберіп, жауап алынды. Осылайша, азамат Қазақстан Республикасының азаматтығына құжаттарын тапсыра алды.
Қостанай облысының тұрғыны көші-қон қызметінің қызметкерлеріне кәсіби іс-әрекеті және оның қиын жағдайына тиісті көңіл бөлгені үшін алғысын білдірді.
Көші-қон қызметінің қызметкерлері 100-ден астам азаматқа өздерінің құқықтық мәртебесін заңдастыруға көмектесті.