Қостанай облысының ПД қабылдаған тұжырымдамасы ІІМ реформаларын іске асыруға көмектеседі
Қостанай облысы ПД қабылдаған жаңа тұжырымдама жергілікті жерлерде ІІМ реформаларын іске асыруға көмектеседі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай облысының Ішкі істер департаментінде Қостанай облысында үлгілі полиция мәдениетін қалыптастыру тұжырымдамасы қабылданды. Оны іске асыру жоспары, сондай-ақ полицияның кадрлық әлеуетін арттыру, жеке құрам арасында қатаң тәртіпті қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі шараларды күшейту полиция бөлімшелерінің кадр жұмысы жөніндегі орынбасарларының қатысуымен өткен кеңесте талқыланды. Жиынға ардагерлер ұйымдары кеңесінің төрағалары қатысты.
Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаев атап өткендей, бүгінде жергілікті жерлерде ІІМ реформаларын жүзеге асыру үшін жаңа тәсілдер қажет. Азаматтардың өтініштерін талдау нәтижесі көрсеткендей, көп жағдайда адамдар полицейлердің қарым-қатынас орнатуына назар аударады. Осы және басқа да дағдыларды дамыту үшін Қостанай облысының ПД проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдарын талдауға негізделген тұжырымдама әзірледі.
– Құжатта тәлімгерлік, қоғамдық құрылымдардың жұмысы, жұмыс уақытында туындайтын нақты кейстерді талдауға негізделген оқыту үдерісі сияқты институттарға үлкен көңіл бөлінеді, – деп атап өтті Ардақ Ынтықбаев.
Полицияны реформалау процессі бүгінде кадрлық әлеуетпен тығыз байланысты. Оларды жаңа арнаға бұру үшін полиция департаменті кадрлық рекрутинг, кәсіби күйіну белгілерін анықтау бойынша жұмыс әдістері, тұрақты мониторинг негізінде құрылатын азаматтардың өтініштерімен жұмысты қайта қарау мәселелеріне назар аударуға ниетті.
Тұжырымдамадағы үлкен блок полиция қызметін бюрократизациялауға арналған. Бұл бөлімде қылмыстық емес сипаттағы және әкімшілік қамауға алуға байланысты мәселелер бойынша өтініштерді ресімдедуі оңтайландыру жұмыстары қайта қаралды. Егер бұрын оларды рәсімдеу процессі 5-тен 7 сағатқа дейін созылса, қазіргі уақытта 2-3 сағаттан аспайды.
Кадр жұмысы басқармасының бастығы Қуаныш Дүйсебаевтың айтуынша, қызметкерлер үшін тиімді коммуникацияның көрсеткіші азаматтардан кері байланыс болуы тиіс. Мәселен, өткен жылы ғана азаматтардан 43 алғыс хат келіп түсті. Соның негізінде 75 қызметкер марапатталды. ҚР ІІМ құқықтарымен адам өмірін сақтап қалғаны үшін 3 полиция қызметкері марапатқа ие болды.
Осы кезеңде полиция қызметіне 113 кандидат ұсыныс білдірді.
Кеңес соңында полиция бөлімдері бастықтарының орынбасарлары ардагерлер ұйымдарымен тиімді ынтымақтастығы үшін марапатталды.