Қарағанды облысында милиция генерал-майоры Владимир Шумиленконы еске алуға арналған волейболдан турнир өтті
Қарағанды облысында милиция генерал-майоры Владимир Шумиленконы еске алуға арналған волейболдан турнир өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облыстық полиция департаментінің ұйымдастыруымен «Динамо» дене-шынықтыру залында милиция генерал-майоры Владимир Шумиленконы еске алуға арналған волейболдан турнир өтті. Аталған турнирге облыстық Ішкі істер органдарынан 17 команда қатысты. Байрақты бәсекені департамент бастығының орынбасары Ернат Қалиақпаров ашты.
Ішкі істер органдарының құрметті ардагері Владимир Шумиленконы еске алу турнирі дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Ол Ауған соғысына қатысып, жауынгерлік борышын өтеу барысында бірқатар жауынгерлік медальдармен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды. Жауынгерлік борышын өтеп келгеннен кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жедел қызмет департаментін, Қарағанды облысының Ішкі істер бас басқармасын басқарды. Қылмыспен күрес, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау жолында ел тыныштығы үшін өлшеусіз үлес қосты. Владимир Петрович кейінгі толқын ішкі істер органы қызметкерлерінің мәңгі есінде. Турнирді ұйымдастырып өткізіп жатқан арнайы жұмылдыру басқармасы мен «Динамо» дене-шынықтыру ұйымына алғысымды білдіремін. Бүгінгі турнирде Владимир Шумиленконың жары Людмила Шумиленко қасып отыр. Ол кісіге, ұзақ ғұмыр тілеймін, – деді Ернат Қалиақпаров.
– Жарысқа қатысушыларды турнирдің ашылу салтанатымен құттықтаймын. Владимир Шумиленконы ұмытпай, осындай еске алу турнир ұйымдастырып жатқан облыстық полиция департаментінің басшылығына алғысымды білдіремін. Мықты команда жеңіске жетсін,- деді Людмила Шумиленко.
Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды облыстың патрульдік полиция батальонының командасы қанжығасына байласа, екінші орынды жедел қыймылдайтын арнайы жасақ, ал үшінші орынды Шет аудандық полиция бөлімінің қызмектерлері жеңіп алды. Барлық қатысушыларға кубок, медаль және бағалы сыйлықтар табыс етілді.