Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте «Борышкер» ЖПІШ аясында 12 автокөлік айыппұл тұрағына орналастырылды

Шымкентте «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 12 автокөлік айыппұл тұрағына орналастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент ҚПД әкімшілік полиция қызметі басқармасының қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 7-ақпанынан бастап «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Мақсаты – қала аумағында салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіру жұмыстарын жандандыру және сот орындаушыларымен бірлесіп мәжбүрлі түрде өндіру шараларын жүргізу.

Осы орайда, Шымкент қаласы бойынша іс-шараның 7 күнінде 499 автокөлік тексеріліп, олардың айыппұл төлеу қажеттігі туралы ескерту хаттары ұсынылды.

Айыппұл төлеуден жалтарып жүрген жүргізушілерге бейнебақылауда интегра жүйесі және «автоураган» арнайы көлігі арқылы жеке сот орындаушылардың атқару құжаттарымен шектеу қойылып, 12 автокөлік айыппұл тұрағына орналастырылды. Сонымен қатар, 817 мың 650 теңге айыппұл өндірілді.

Шымкентте «Борышкер» іс-шарасы 17-ақпанға дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру