Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер «Профилактика апталығы» іс-шарасы аясында саяжай алқаптарында рейд жүргізді

Қызылордалық полицейлер «Профилактика апталығы» іс-шарасы аясында саяжай алқаптарында рейд жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы полиция департаменті қызметкерлері «Профилактика апталығы» іс-шарасы аясында қала маңындағы саяжай және аудан учаскелеріне рейдтік тексерулер жүргізді.

Іс-шараның басты мақсаты – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, отбасы – тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, тұрғылықты жері бойынша ІІО-да есепте тұратындарды тексеру.

Аталған саяжайларда полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түрлі іс-шаралар өткізді. ІІО-да есепте тұратын тұлғалар тексеріліп, олармен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

Іс-шара аясында елді-мекендерге қарасты саяжайлар, үй-жайлар тексеріліп жатыр. Шара барысында 1891 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде: отбасы-тұрмыстық саласы бойынша – 97 дерек, қоғамдық орында спирт ішімдігін ішу – 181 , абаттандыру қағидаларын бұзу – 483, жеке басты куәландыратын құжатсыз тұру – 1 дерегі анықталып, құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру