Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер ауыл тұрғындарынан марихуана тәркіледі

Түркістандық полицейлер ауыл тұрғындарынан марихуана тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сауран аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында атқарылған жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында, есірткі құралдарын сақтаудың кезекті деректерін анықтады.

Нақтырақ айтсақ, Шорнақ ауылы маңында учаскелік полиция инспекторлары күмән тудырған жолаушыны байқап, тоқтатқан. Тексеру кезінде жергілікті тұрғыннан есірткіге ұқсас өсімдік тектес зат табылды. Алынған дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. Зерттеу қорытындысы оның жалпы салмағы 7 грамнан асатын марихуана екендігін растады.

Арадан бір апта уақыт өткенде полицейлерге ауыл тұрғынының бірі есірткі затын сақтайтыны туралы жедел ақпарат келіп түсті. Хабарлама бойынша іске кіріскен полицейлер бірден сезіктінің жеке басын, тұрғылықты мекенжайын анықтады. Содан тәртіп сақшылары оның үйіне тінту жүргізіп, есірткіні қолдануға арналған құрал мен есірткі заты бар екі ораманы тапты. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленіп алынған есірткі шамамен 1 грамм болатын марихуана болып шықты. Күдікті бұрын сотталған, Сауран ауданының тұрғыны.

Аталған екі дерек ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеліп, бүгінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру