Қарағандыда жер үйден ұрлық жасаған күдікті үй иелерін жылусыз қалдырды
Қарағандыда жер үйден ұрлық жасаған күдікті үй иелерін жылусыз қалдырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне 56 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Белгілі болғандай, жәбірленуші өзіне тиесілі жер үйдің жылу жүйесіне жөндеу жұмыстарын жүргізбекші болған. Осы мақсатта ол жылы жүйесіне қажетті жабдықтарды алып, жер үйдің ауласына жинап қойған. Түнгілік уақытта белгісіз біреу оның ауласына ұрлыққа түсіп, темір труба, котел, меттал конструкторларды ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 150 мың теңгені құрады.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 38 жастағы азамат ұсталды. Ол ұрланған заттарды темір қабылдау орынына өткізгендігі туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ заттар тәркіленді.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.