Ақмолалық полицейлер есірткілік мас күйде көлік басқарған жүргізушіні анықтады
Ақмола полицейлері көлік басқару құқығынан айырылған жүргізушіні есірткілік мас күйде ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 сәуірде сағат 18:50 шамасында патрульдік полиция батальонының «Тұлпар 1» қызметкерлері Екатеринбург – Алматы автожолының 951-шақырымында жол қозғалысын бақылауды жүзеге асыру барысында Павлодар қаласының 43 жастағы тұрғынының басқаруындағы Mercedes автокөлігін тоқтатты. Полицейлердің назарын көлік құралындағы оқылмайтын мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі аударды.
Полиция қызметкерлеріне бара жатқан жүргізуші шайқалып жүрген. Сөйлесу барысында ер адам 2020 жылы 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылғанын мойындады. Деректер базасы бұл фактіні растады. Полиция қызметкерлері Бүркіт Алшинбаев пен Ағыбай Жапарғұлов жүргізушіні көлік құралын басқарудан шеттетіп, оған медициналық куәландырудан өтуді ұсынды. Сарапшылардың пікірінше, жүргізуші марихуананы қолданудан туындаған есірткіге мас болған.
Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.