Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында 300-ге жуық тұрғын үй жануарларын ұстау ережелерін бұзған

Павлодар облысында жыл басынан бері 300-ге жуық тұрғын үй жануарларын ұстау ережелерін бұзған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 сәуірде полицияның “102” арнасына Екібастұз қаласының тұрғыны телефон шалып, Пішембаев көшесі 27 мекенжайындағы үйінің ауласында қаңғыбас иттер жүргенін айтты. Осы аулаға келген полиция қызметкерлері үй иесін анықтап, оның үстінен ҚР ҚК-нің 407-2 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Енді ит иесі айыппұл төлеуге мәжбүр.

Полицейлердің мәліметінше, 2023 жылдың ағымдағы кезеңінде облыста осы бап бойынша 294 адам жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ тәртіп сақшылары балалар алаңында, мектепке дейінгі және мектеп алаңдарында, стадиондарда және басқа да қоғамдық орындарда иттерді серуендетуге тыйым салынғанын ескертеді. Бұл ретте серуенге шыққан итке міндетті түрде тұмылдырық кигізіп, қарғыбауда болуы керек, ал адамдар көп жиналатын жерлерде итті қысқа баумен ұстау керек.

Айта кету керек, павлодарлық полиция қызметкерлері аулаларды аралап, оның барысында азаматтарға төрт аяқты үй жануарларын ұстау ережелерін үнемі түсіндіреді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру