Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында ауыл шаруашылығы құрылғысын ұрлаған азамат ұсталды

Қостанай облысында «Аграршы» жедел алдын-алу шарасы аясында
ауыл шаруашылығы құрылғысын ұрлаған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысында полиция қызметкерлері «Аграршы» өңірлік жедел алдын алу шарасын бастады. Операция агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұрлықтың алдын алуға және ашуға бағытталған.

– Облыста көктемгі егіс жұмыстарының басталуына байланысты полиция қызметкерлері 25 сәуірден бастап егіс және егін жинау аяқталғанға дейін арнайы мобильдік топтар құрды. Полиция қызметкерлері жанар-жағармай, ауыл шаруашылығы бөлшектеріне, гербецидтер мен тұқымдарға байланысты қылмыстардың алдын алуға және ашуға назар аударады, – деді Қостанай облысы ПД криминалдық полиция бастығының м.а. Юрий Полюхов.

Жітіқара ауданының полиция қызметкерлері жедел алдын алу шарасы кезеңінде жалпы сомасы 2 млн теңгеден асатын 37 дана көлемінде ауыл шаруашылығы құрылғысын: тырмалардың металл тіркемелерінің ұрлығын ашты.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері Қостанай қаласының аумағында ұрланған мүлікті өткізген күдікті – Жітіқара қаласының тұрғынын ұстады.

Аграршы қылмыстың қысқа мерзімде ашылғанын атап өтті. Ұрланған заттар қайтарылды, бұл көктемгі дала жұмыстарын жүргізу кезінде өте маңызды.
Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру