Павлодарда жазасын өтеушілер жылыжайда қияр өсіреді
Павлодарда жазасын өтеушілер жылыжайда қияр өсіреді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №44 мекемесі (ең төменгі қауіпсіздік) жылыжай шаруашылығын дамытумен айналысатын шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын «ADAMEF» ЖШС-мен келісім шартқа отырды. Бұл сотталғандардың өз-өзін жұмыспен қамтып, жақсы табыс табуын қамтамасы етеді. Жалпы ауданы 3 гектар жылыжайда қияр өсіріледі, одан кейін өнім бөлшек сауда орындарына сатылады.
– Жылыжайдағы өсірілетін қияр Мева деп аталады. Бұл өнімнің өте тиімді түрі. Мұнда 73 мың түп бұта бар. Жылыжайда температуралық режим болуы керек, жылыжайды желдетіп, уақытылы суару, витаминдер беру керек, – дейді технолог Әсел Садықова.
– Мекеме әкімшілігі сотталғандардың жеке басын зерттеп, олардың білімі мен біліктілігін ескере отырып, оларға осы ұйымға жұмысқа орналасуды ұсынып, сол арқылы көкөніс өнімдерін өсіруде өз мүмкіндік берді. Тасымалдау кәсіпорында жүзеге асырылады, сонымен қатар жұмыс беруші қызметкерлерді түскі аспен қамтамасыз етеді. Күн сайын жұмыс күні аяқталған соң сотталғандар колонияға қайтады, – дейді мекеме басшысы Ардақ Имангалиев.