Самбодан Қазақстан чемпионатында Абай облысы ПД-ның қызметкері бірінші орынға ие болды
Самбодан Қазақстан чемпионатында Абай облысы ПД арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының қызметкері бірінші орынға ие болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
12-15 мамыр аралығында самбо күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Оған барлық облыстардан 400-ден астам спортшы қатысты.
98 келі салмақ дәрежесінде І орынды Абай облысы арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының аға инспекторы Ерахмет Хасенов иеленіп, Азия және әлем чемпионатына іріктеуден өтті.
Абай облысы ПД бастығы Бектөре Жеңісбайұлы Сұлтан біздің облысты жарыста абыроймен таныстырған полиция қызметкерін жеңісімен құттықтады.
Ерахметке Хасенов спорттық және қызметтік жетістіктер тілейміз.