Алматыда жеке кәсіпкер полицейлерге алғысын білдірді
Алматыда жеке кәсіпкер ұрлық дерегін «ізін суытпай» ашқан полицейлерге алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Автор өз үндеуінде дүкенінің мүлкін ұрлаған екі күдіктіні рекордтық мерзімде анықтаған және ұстаған учаскелік полиция инспекторлары Бауыржан Давлетов пен Ғабит Тұрсынбековке алғысын білдіреді.
– Полиция қызметкерлеріне кәсібилігі мен сапалы жұмысы үшін алғысымды білдіргім келеді. Полиция қызметкерлерінің нақты және жедел әрекетінің арқасында күдіктілер ұсталып, оларға айып тағылды. Мұндай полиция қызметкерлері алғыс пен құрметке лайық, – деді кәсіпкер.