Павлодарда жасөспірімдер үшін тергеу изоляторына экскурсия ұйымдастырылды
Жасөспірімдерге профилактикалық әсер етудің тиімділігін арттыру мақсатында Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің №63 мекемесі қызметкерлері қалалық білім бөлімінің өкілдерімен бірлесіп, мектепшілік бақылауда тұрған кәмелетік жасқа толмаған жеткіншектер үшін тергеу изоляторына экскурсия ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Табалдырықтан аттаған бойда олардың жүздерінен күлкі кетіп, тексеру іс-шарасы басталды. Ал кіреберістің жабылатын темір есіктерінің жапқыштарының қатты дыбысы жағдайды одан сайын ушықтыра түсті. Мекемеде өзін ұстау ережелері бойынша нұсқаулық жүргізілгеннен кейін жасөспірімдер мен оларды алып жүрушілерге тергеуге жаңадан келген сотталғандарды және транзиттік сотталғандарды қабылдау бөлмесі, құрастырмалы бөлімнің бөлмесі көрсетілді. Тергеу изоляторы туралы жалпы ақпаратты режим және күзет бөлімінің бастығы Берік Кәрібай айтты.
Экскурсия режимдік ғимараттарда жалғасты. Кәмелетке толмағандарға заң бұзған адамдар темір тордың ар жағына түскен кезде қандай жағдайға тап болатыны нақты көрсетіліп, төрт қабырға ішінде қатаң кестемен өмір сүрудің не екенін түсіндірді. Сондай-ақ олар мекемедегі тәртіпті қасақана бұзушылар ұсталатын тәртіптік кераларды көрді. Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілгендер отырған камера үлкен қызығушылық тудырды. Тергеу изоляторындағы ұстау жағдайлары туралы айта келе, тәртіп сақшылары балаларды заң бұзып, өз болашағына балта шауып, асығыс қадамдардан сақтандыруға тырысты.
– Өте қорқынышты. Шындығында кинодағыдан да қорқынышты. Сұр қабырғалардың өзі қорқыныш тудырады. Мен мұнда қайта келгім келмейді. Ғимараттың ішіндегі ауа тіпті ауыр, – О. есімді жасөспірім.
Мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әсет Сатыбалдин экскурсияның негізгі мақсаты – кәмелетке толмаған келушілерімізді қорқыту емес, оларға заңсыз әрекеттердің ықтимал салдарын түсіндіру, өз істеріне жауапкершілік сезімін қалыптастыру екенін тілге тиек етті.
– Экскурсияның бұл түрі кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуда өте тиімді әдіс. Бәлкім, экскурсиядан кейін олар өз мінез-құлқы туралы ойланатын шығар, – деді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Юлия Терлецкая.