Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада 5 млн теңгеге гаражды тонап кеткен екі тұрғын ұсталды

Астанада 5 млн теңгеге гаражды тонап кеткен екі тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қала тұрғыны полицияға арызбен жүгініп, белгісіз адамдар оның гаражына кіріп, жалпы сомасы 5 млн теңгеге мүлікті ұрлап кеткенін хабарлаған. Үй-жайдың иесі гараждан Suzuki маркалы қайық моторын, ТС-407 геодезиялық құрылғысы, штатив, 5 метрлік телескопиялық таяқты, Leica нивелирі, электрлік пресс алып кеткенін айтты.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сарыарқа ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар 23 және 33 жастағы екі астаналықты анықтады. Түнде олар кілттерді сәйкестендіру арқылы, боксқа кіріп, мүлікті алып шыққан және ұрланған заттарды таксимен алып кетпекші болған. Кейін такси жүргізушісімен келісе отырып, күдіктілер оған ұрланған мүлікті 100 мың теңгеге сатып жіберген.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адамдар мойындау көрсетпелерін берді және ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру жүргізіліп жатыр.

Астана қаласының полиция департаменті гараж қоғамдарының иелеріне объектілерді бейнебақылау камераларымен жабдықтауды және күзет орнатуды ұсынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру