Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар полицейлері қаулыларды орындамағаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды

Павлодар полицейлері қаулыларды орындамағаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыстық істі тергеу барысында тергеуші қылмыс жасауға ықпал еткен мән-жайларды анықтайды, оларды жою үшін шаралар қолданады. Осылайша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қылмыс жасауға әкеп соққан себептер мен жағдайларды анықтай отырып, тергеуші тиісті ұйымға немесе лауазымды адамға өзі анықтаған мән-жайлар мен заң бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсыныс енгізуге құқылы.

Ұсыныс енгізу ол – енгізілген ұйымның профилактикалық қызметін жүзеге асыру үшін заңды негіз болып Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 200-бабының 2-бөлігіне сәйкес ұсыныс бойынша қабылданған шаралар туралы ол шығарылған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей міндетті түрде хабардар етіле отырып қаралуға тиіс.

– Мысалы, Май ауданының полиция бөлімінің тергеушісі мүлікті және басқа да тауарларды ұрлаудың алдын алу мақсатында ЖШС-нің бірінің шаруашылық үй-жайына бейнебақылау камераларын орнату туралы қаулы жіберді. Алайда ЖШС директоры аталған тапсырманы елемей, көрсетілген уақыт ішінде орындалуын қамтамасыз етпеді. Бұл үшін басшыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 479-бабы бойынша әкімшілік материал жасалды, материал сотқа жіберілді, оның шешімімен 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – деп деді Павлодар облысы Май ауданы ПБ бастығы Бауыржан Жұмабаев.

Полиция қаулы мен ұсыныс енгізу бұзушылыққа ықпал ететін себептерді жоюды белгілейтін алдын алу шарасы екенін еске салды. Егер бұзушы ұсыну талаптарын орындамаса, әкімшілік жауапкершілік туындайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру