Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер автокөлік салондарынан жасалған бірнеше телефон ұрлығын ашты

Елордалық полицейлер автокөлік салондарынан жасалған бірнеше телефон ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыарқа ауданы полиция басқармасына екі жергілікті тұрғын ұрлық туралы арызбен жүгінген. Арызданушылардың айтуынша, олар күндізгі уақытта көліктерді үйдің жанында қалдырған және біраз уақыттан кейін келгенде салоннан телефондардың жоғалғанын көрген.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар 40 жастағы астаналықты анықтады. Ер адам Ықылас Дүкенұлы көшесіндегі көлік салондарынан ұрлық жасаған. Бірінші жағдайда, ол автокөліктің салонына еркін кіріп, ОРРО және Samsung маркалы екі телефонды ұрлаған. Бірнеше күннен кейін ұқсас тәсілмен ГАЗон Next жүк көлігіне кіріп, жалпы құны 740 мың теңге болатын Samsung маркалы екі телефонды алып кеткен.

Қазіргі уақытта заттай дәлелдемелер тәркіленіп, иелеріне қайтарылды. Ер адам мойындау көрсетпелерін берді және қамауға алынды. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Астана қаласының полиция департаменті көлік құралдарының иелеріне ұрлық пен айдап кетуді болдырмау үшін автокөлікті қараусыз қалдырмауға және қажетті ұрлыққа қарсы құрылғылармен жабдықтауға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру