Алматы облысында нашақорлыққа қарсы күрес негізінде спорттық іс-шара өтті
Алматы облысында нашақорлыққа қарсы күрес негізінде спорттық іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
17 маусым күні Қонаев қаласында Алматы облысы ПД ЕБҚКБ қызметкерлері, мәдениет және спорт басқармасының, сондай-ақ денсаулық сақтау басқармасының өкілдері Қазақстан полициясы күні және нашақорлыққа қарсы күрес күні мерекесі қарсаңында жағажай волейболы, футбол, баскетбол бойынша спорттық іс-шаралар өткізді.
Іс-шараға 200-ге жуық спортшы қатысып, тамаша бәсекелестік пен сауатты ойын көрсетті.
Аталған спорттық шараның соңында барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар, дипломдар, сондай-ақ спорттық ойындарға белсенді қатысқаны үшін медальдар табыс етілді.