Жолда көлігі бұзылған ГАЗель жүргізушісі ШҚО полицейлеріне көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді
Жолда көлігі бұзылған ГАЗель жүргізушісі ШҚО полицейлеріне көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жүргізушілер автокөліктің ақауларына немесе бұзылуларына байланысты көбінесе жолда қалады, ал ең жақын елді мекенге дейін бірнеше ондаған шақырым бар. Мұндай қиын жағдайларда маршруттардағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тәртіп сақшылары қол ұшын созуға дайын.
Осындай кезекті көмек Семей қаласы бағытында келе жатқан жүргізушіге көрсетілді. Жолда көлік бұзылып, жөндеу қажет болған.
ПД патрульдік полиция батальонының 136 экипажының қызметкерлері ақауды жоюға көмектесті және жүргізуші әрі қарай жолға шықты.
Өскемен – Риддер автожолында осыған ұқсас жағдай болған. ГАЗель көлігінің бұзылуына байланысты жүргізуші жол бойында тоқтауға мәжбүр болған. Оған антифриз қажет болған. ШҚО ПД патрульдік полиция батальонының 128 экипажының қызметкерлері көлікті байқап, бірден жақындаған. Көліктің не үшін тоқтап тұрғанын білгеннен кейін полицейлер көмек көрсеткен.
Жолда қиын жағдайға тап болған жүргізушілер көмекке жүгінгендерін айтып, тәртіп сақшыларына ризашылықтарын білдірген.
ШҚО ПД қала сыртындағы тасжолдарға шығар алдында көліктің техникалық жай-күйін тексеру және ҚР жол жүрісі қағидаларын сақтау қажеттігін атап өтті.