Елордалық полицейлер аяқ киім жөндеу шеберханасынан жасалған ұрлықты ашты
Елордалық полицейлер аяқ киім жөндеу шеберханасынан жасалған ұрлықты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жеке мүлікті ұрлау туралы полицияға аяқ киім шеберханасының иесі хабарлады. Жәбірленушінің айтуынша, күндіз белгісіз адам үй-жайға заңсыз кірген.
Тергеу барысында ер адамның Бараев көшесінде болған кезде жабық шеберхананы көргені анықталды. Қылмыстық оймен, ол жұмысшылардың жоқтығын пайдаланып, торды бұзып, үй-жайға кірген. Күдікті қоржынына электр бұрғысы, электр плитасы және басқа да мүліктер түскен.
Байқоңыр ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде бұрын сотталған 43 жастағы астаналықты анықтады.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам мойындау көрсетпелерін берді, заттай дәлелдемелер тәркіленді. Елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру жүргізіліп жатыр.
Астана қаласының полиция департаменті тауарлық-материалдық құндылықтар сақталатын үй-жайлардың терезелеріне металл торларды және бейнебақылау камераларын орнатуды ұсынады.