Павлодар облысының ПД-да қызметкерлер үшін оқыту тренингі өтті
Әлеуметтік желілерді белсенді пайдалану, блогерлермен өзара әрекеттесу тақырыптарында Павлодар облысының полиция департаментінде қызметкерлер үшін оқыту тренингі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Халыққа сапалы полиция қызметтерін көрсету, проблемалық бағдарланған тәсіл және қоғамдық институттармен және мемлекеттік органдармен әріптестікті «Полиция жұмысының қазақстандық сервистік моделі» пилоттық жобасының ІІ кезеңінің негізгі элементтеіне жатқызамыз.
Учаскелік және патрульдік қызмет инспекторлары көп жағдайда оқиға орнына бірінші болып келіп, азаматтарды эвакуациялап, аймақты қоршап, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Бұл қызметтердің халықпен тығыз байланыста болуына және осы оқыту тренингінің ұйымдастырылуына байланысты.
Оқуды қоғам қайраткері, РR саласындағы маман, көп жылдық тәжірибесі бар журналист, гуманитарлық ғылымдар магистрі Ризабек Исабеков жүргізді.
– Әлеуметтік желілер тек қарым-қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар ақпарат алу, азаматтармен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Мұны блогерлер белсенді қолданады, сол немесе басқа мәселе бойынша қоғамдық пікір қалыптастырады. Тренингте оқытушы блогерлермен өзара әрекеттесудің негізгі аспектілері мен жұмыста әлеуметтік желіні пайдаланудың артықшылықтарына егжей-тегжейлі тоқталып, мысалдар келтіріп, жағдайларды талдады. Мұндай тренингтер маңызды және жұмысқа көмектеседі, – деп атап өтті құқық қорғау қызметкерлері.