Павлодарда патрульдік полицейлер бір тәулікте 40 құқық бұзушылықты анықтады
Павлодарда патрульдік полиция батальонының инспекторлары бір тәулік ішінде 40 құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жеке құрамның гарнизондық нұсқамасы өтті, онда басшылық полицейлерді даярлау деңгейін тексерді. Қызметкерлер облыстағы жедел жағдай туралы ақпаратпен танысып, іздеуде жүрген және хабар-ошарсыз кеткен қылмыскерлердің бағдарларын жеткізді. Сондай-ақ полицияның бірінші кезектегі міндеті саналатын азаматтардың құқықтық тәртібі мен қауіпсіздігін күнделікті қамтамасыз ету үшін қабылданатын бірқатар нақты шаралар айқындалды.
Жалпы гарнизондық тарату дәстүрлі түрде аяқталды: полицейлер саптық түзеуді көрсете отырып, салтанатты шерумен өтті. Гарнизондық таратудан кейін тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіпті қорғауға кірісті.
Айта кету керек, «Полицияның қазақстандық сервистік моделі» пилоттық жобасы аясында халықпен өзара іс-қимылды жақсарту және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін процестерді оңтайландыру мақсатында жазғы кезеңде Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальоны жасақтарының тығыздығы қайта қаралды. Көшелерді, аулаларды, саябақтарды, бақтарды, орталық жағалауды және тұрғындардың басқа да демалыс орындарын күзететін жаяу бекеттер, автопатрульдер ойын-сауық орындарына, ірі сауда үйлеріне жақын.
– Бір тәулік ішінде Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының инспекторлары 40 құқық бұзушылықты анықтады, олар тәулік бойы Павлодар қаласы көшелері мен аулаларын патрульдейді, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, қоғамдық тәртіпті сақтайды. Мәселен, 9 адам ішімдік ішкені немесе қоғамдық жерде мас күйінде болғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабымен жауапқа тартылды. Патрульдік полиция батальонының инспекторлары тыныштықты бұзу фактісі бойынша алты шақыртуға шықты. Бес азаматқа қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік материалдар толтырылды, – деп хабарлады жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Азамат Күркебаев.
Сонымен қатар «Кибер-шериф» жүйелерімен белгіленген қозғалыс жылдамдығынан асып кетудің 30 фактісі анықталды, жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабы 1-бөлімі бойынша әкімшілік материалдар толтырылды.