Павлодар облысында полицейлер арасында жазғы спартакиада өтті
Павлодар облысының Успен ауылында қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полицей Асылбек Бижановтың құрметіне шағын футбол, гір көтеру, турникте тартылу бойынша жыл сайынғы спартакиада өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шағын футболдан спорттық іс-шараға полиция департаменті мен қалалық және аудандық полиция бөлімдерінен 14 командасы қатысты. Барлық командалардың дайындық деңгейі өте жоғары болды. Нәтижесінде жүлделі орындар келесідей бөлінді: бірінші орынды Екібастұз қаласы ПБ командасы, екінші орынды Ертіс ауданы ПБ командасы, үшінші орынды Павлодар қаласы ПБ Солтүстік полиция бөлімінің командасы иеленді.
Павлодар қаласы ПБ командасы турникке тартылу бойынша жарыста үздік болды, екінші орынға Ертіс ауданы ПБ командасы, үшінші орынға Павлодар қаласы ПБ Солтүстік полиция бөлімі ие болды.
Гір көтеру сайысында Павлодар қаласы ПБ командасы жеңіске жетті. Екіншісі Павлодар қаласы ПБ Солтүстік полиция бөлімінің командасы болды, үшінші орынды Тереңкөл ауданы ПБ командасы иеленді.
– Осындай турнирлерді өткізу – салауатты өмір салтын насихаттайды. Айта кету керек, полицейлер жауынгерлік және дене шынықтыру сабақтарына үнемі қатысады. Ал мұндай іс-шаралар ұжымды біріктіруге ықпал етеді. Қызметкерлердің дене шынықтыру деңгейін арттырады, – деді Павлодар облысы ПД арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының бастығы Ерік Төлегенов.