Абай облысында бірқатар алаяқтық дерегіне қатысы бар төрт азамат қолға түсті
Абай облысында киберқылмысты, оның ішінде интернет-алаяқтықты ашу бойынша «CyberРol» соққы-нысаналы тобының жұмысы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оның құрамына тәжірибелі тергеушілер, жедел уәкілдер мен криминалистер кіреді.
Қазіргі уақытта «CyberРol» тобы интернет-алаяқтықты ашу және тергеу бойынша жұмыстарды жаңа форматта жүргізіп жатыр. Жаңа бөлімше заманауи зертханамен жабдықталған және бір терезе қағидаты бойынша жұмыс істейді. Зардап шеккендердің өтініштері бірден іс жүргізетін тергеушілерге түседі.
Топ жұмысы басталғаннан бастап Семей қаласының 4 тұрғыны бірқатар интернет-алаяқтық жасағаны үшін қолға түсті.
Бұрын мәлімделген интернет-алаяқтықтарды ашу үшін Абай облысынан тыс жерлерге шығу жүргізіліп жатыр.
Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында шотына Орал қаласының тұрғынына тиесілі 740 мың теңге сомасында ақша аударылған дроппер ұсталды.
Өзге өңір тұрғынына аталған қаражат қайтарылып, Абай облысының полицейлеріне қылмыскерлердің аса күрделі мохинацияларын ашуда көрсеткен жеделдіктері үшін алғысын білдірді.
«CyberРol» соққы-нысаналы тобының атына алаяқтардың айла-амалдарына тап болған жергілікті тұрғындардан да алғыстар келіп түсіп жатыр.
«CyberРol»қызметкерлерінің осы бағыттағы жұмысы жалғасып жатыр.