Жетісу полицейлері иесіз қалған үй құрылысынан қару-жарақ сақталған орынды тапты
Жетісу полицейлері Талдықорған маңында иесіз қалған үй құрылысынан қару-жарақ сақталған жасырын орынды тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісу полицейлері ұйымдастырған арнайы іс-шаралар барысында атыс қаруы сақталған жасырын орын табылды. Қару-жарақ Талдықорғанның шетіндегі қараусыз қалған үй құрылысында сақталған.
– Сол жерде Vernery Carron қос ауызды және Сайга-12 мылтықтары тәркіленді. Екеуі де 12 калибрлі. Арнайы мәліметтер базасын тексере келе, табылған атыс қаруы 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласының аңшылық дүкендердің бірінде ұрланғаны анықталды, – деді Жетісу облысы ПД бастығының орынбасары Ельдар Әбдікенов.