Биыл Павлодар облысында бөтеннің мүлкін қасақана жою бойынша 46 дерек тіркелді
Биыл Павлодар облысында бөтеннің мүлкін қасақана жою бойынша 46 дерек тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыстық полиция департаменті тұрақты негізде біздің өңірдің қоғамдық орындарында және көшелерінде тәртіпті қамтамасыз ету, оның ішінде вандализм актілерінің алдын алу бойынша іс-шаралар кешенін өткізеді.
Мемлекет басшысы мен ішкі істер министрлігі елдегі тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге ерекше назар аударады. Президенттің тапсырмасы бойынша осы жылдың басынан бастап вандализм актілері, қоғамдық және жеке мүліктің бүлінуі үшін жауапкершілік күшейтілді.
– Осы жылы ғана полиция әкімшілік кодекстің 147-1-бабы (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша 46 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті. Заң бұзушыларға жалпы сомасы 455 мың теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды, кейбір бұзушылар әкімшілік қамауға алынды, – деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Мысалы Шарбақты ауылында сағат 01:30 шамасында мас күйде болған ауыл тұрғыны басқа ауыл тұрғынына тиесілі үйдің терезесін әдейі сындырған. Ауыл тұрғынына 48 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Екібастұз қаласында сағат 00:10-да дүкенде болған 31 жастағы ер адам 80 мың теңге сомасында залал келтіріп, плиткаларды қасақана бүлдірді. Ер адамға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Басқа жағдайда, кеншілер қаласының 40 жастағы тұрғыны әдейі балкон шатырының пішінделген парағын зақымдап, балконның пластикалық терезесін сындырып, 100 мың теңге сомасында залал келтірді. Сот бұзушыны 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алды.
Павлодар ауданында ер адам 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды, ол сағат 00:30-да жалпы пайдаланымдағы жерлердегі Коряков ауылының маңында ауыл шаруашылығы жануарларына арналған электр қоршауын қасақана зақымдады. Осылайша материалдық шығын келтірді.
Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және мүлікке ұқыпты қарауға шақырады.
– Полицияның барлық құқық бұзушылықтардың жолын кеседі және міндетті түрде жауапкершілікке әкеп соғады. Заңға құрметпен қарау, өзін-өзі тәрбиелеу – бұл қазақстандық қоғам ұмтылуға және оған сәйкес келуге тиіс нормалар, – деп атап өтті Павлодар облысының Полиция департаменті.