Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте бомба туралы жалған хабар таратқан ер адам түрмеге тоғытылды

Шымкентте бомба туралы жалған хабар таратқан ер адам түрмеге тоғытылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның «102» арнасына қаладағы дәмханалардың біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы қоңырау келіп түсті. Хабарламаны алған полицейлер дереу оқиға орнына барған. Құқық қорғау органдары мүдделі қызметтермен бірге ғимараттан барлық келушілер мен қызметкерлерді эвакуациялады. Тексеру нәтижесінде қоғамдық тамақтану мекемесінен жарылғыш зат табылмаған.

Тергеушілер жалған терроризм жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Жедел-іздестіру шаралары барысында қалалық полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері бомба туралы хабарлаған ер адамды анықтап, ұстады. Ол 49 жастағы Түркістан облысының тумасы болып шықты.

Сотта азамат ҚР ҚК-нің 273-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Осыған байланысты тәртіп сақшылары терроризм актісі туралы көрінеу жалған ақпарат тарату қауіпті қылмыс қатарына жататынын және 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартуға, не 5 жылға бас бостандығынан айыруға немесе шектеуге әкеп соғатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру