Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері ЖҚЕ өрескел бұзған күдіктіні құрықтады

Түркістан облысының полицейлері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, заңды өкілдің талаптарына бағынбаған жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында, тәртіп сақшыларына бағынбай, жол қозғалысы ережелерін бұзған ВАЗ-21114 автокөлігінің жүргізушісін ұстады.

Алматы – Ташкент – Термез тас жолының 750 шақырымында қызмет атқарып тұрған патрульдік полиция инспекторлары бірінші жолдан екінші жолға шығып, яғни жүрісі күмән тудырған ВАЗ автокөлігін байқады. Полицейлер көлік құралын тоқтатқан кезде жүргізушісі заңға бағынбай, қарсы жолаққа шығып, жол ережесін өрескел бұзды.

Тәртіп сақшыларымен тиісті шаралар қабылданып, аталған көлік тоқтатылып, айыптұраққа жеткізілді. Тексеру барысында автокөлік жүргізушісінің көлік басқару үшін куәлігі жоқ екендігі анықталды, сонымен қатар оның жалған мемлекеттік нөмірлі көлік басқарғаны белгілі болды.

Жол ережесін бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 5 бірдей әкімшілік хаттама толтырылды, олар: 590-бабының 4-бөлігі (Көрінеу жалған мемлекеттік нөмірлері бар автокөлікті басқару), 596-бабының 5-бөлігі (Қарсы қозғалыс жолағына шығу), 606-бабының 1-бөлігі (Авариялық жағдай жасау), 612 – бабының 2-бөлігі (Құжатсыз және құжатсыз адамның көлік құралын басқаруы), 613-бабының 3-1-бөлігі (Ішкі істер органдары (полиция) қызметкерінің талаптарын орындамау).

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру