Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысы ҚАЖД мекемесінің қызметкерлері Желтоқсан құрбандарын еске алды

Абай облысы ҚАЖД мекемесінің қызметкерлері Желтоқсан құрбандарын еске алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында қауіпсіздігі аралас мекеме қызметкерлері “Желтоқсан құрбандары мәңгі есімізде” атты дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге тәжірибелі қызметкерлермен қатар, жас мамандар да қатысты. Іс-шара барысында, талай қазақ қыздары мен жігіттерінің өмірін қиған, “Құйын−86” атты операция туралы деректер айтылды. Не бары 16-23 жас аралығындағы жастардың, елі үшін жанкешті, батыл талпыныстарының қандай күшпен жаншылғаны туралы ақпараттар тыңдалып, бейнежазбалар көрсетілді.

– Егеменді еліміздің келешегі үшін жанын пида еткен батыр жастарды ұмытпаймыз! Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей, бұл күн- ұлттық мәртебеге ие. Жас қызметкерлермен арнайы ұйымдастырылып отырған бұл іс-шара, олардың әрбіреуінің кеудесінде патриоттық сезім оятары анық деп айта аламын, – дейді мекеме бастығының орынбасары Айдын Калелов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру