Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы: Алматыда мас адам бөтеннің көлігін ұрлап, өртеп жіберді

Алматыда мас адам бөтеннің көлігін ұрлап, өртеп жіберді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыс Алматының Түрксіб ауданында болған. Жергілікті тұрғын автокөлігін дүкенге тастап кеткен, кілттер тұтанғышта болған.

– Мұны ішімдікке мас күйінде “ВАЗ” автокөлігін ұрлап кеткен 1994 жылы туылған К. мырза қолданған. Бірнеше сағаттан кейін сол алаңда көліктің жанып кеткені анықталды. Біз, өртемес бұрын көлікті бөлшектегенін анықтадық. Қаскөй қозғалтқышты, аккумуляторды және кез-келген құнды қосалқы бөлшектерді иемденді. Күдікті бірден анықталды. Ұсталды. Ол қазір қамауда. Қаскөйдің іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша қарастырылады, – деді Түрксіб аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Ерлан Аянбаев.

Көліктен алынған қосалқы бөлшектер қазірдің өзінде шын иесіне қайтарылды, ол өз мүлкіне зиян келгеніне қатты ренжіген жоқтығы белгілі болды.

– Негізі бұл ескі көлік. Іздемей-ақ та қойсаңыздар болатын еді … Шындығында, мен оны тез табады деп емес, мүлдем табады деп күткен емеспін. Мұны жасағандарды тапты. Ең бастысы, олар ұсталды, енді осы бұзақылардың қолынан ешкім зардап шекпейді. Мен полиция қызметкерлеріне тез жауап бергені және өте жақсы жұмыс істегені үшін алғыс айтқым келеді. Маған олардың қалай жұмыс істейтіні ұнады. Мен өз атымнан оларға үлкен рахмет айтқым келеді, – деді өз кезегінде, ұрланған көліктің иесі.

Полиция, алайда, жыл басынан бері көлік құралдарының ұрлану саны 2,1 есеге азайғанын атап өтті. Қылмыстың бұл түрін ашу деңгейі 90,4% құрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру