Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екі ақмолалық жылқы іздеуге шығып, төрт күн бойы адасып жүрген

Екі ақмолалық жылқы іздеуге шығып, төрт күн бойы адасып жүрген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 қаңтарда Шортанды ауданының полиция бөлімінің кезекші бөліміне шаруа қожалықтарының бірінің басшысынан хабарлама келіп түсті. Ол жоғалып кеткен екі қызметкері туралы хабарлаған болатын. 4 қаңтарда жұмысшылар қолайсыз ауа райына, яғни боранға қарамастан, қарда жүру көлігімен жылқы іздеуге аттанғаны анықталды. Ер адамдар Нұр-Сұлтан қаласы мен Целиноград ауданының тұрғындары төрт тәулікке жуық далада болған.

Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Арман Маминов пен Рүстем Садықов жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Шортанды ауданының Ключи ауылынан 20 шақырым қашықтықта хабар-ошарсыз кеткен адамдарды тапты.

Белгілі болғандай, көліктері істен шығып, жолаушылар қиыншылыққа тап болған, бірақ олар қараусыз қалған балық аулау жайына кездейсоқ кезікпегенше жүре берген. Сонда көмек күткен. Зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру