Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мақтааралда мас жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды 

Мақтааралда мас жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, жеті жылға көлік басқару құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал АПБ-ның қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түрлі іс-шараларды іске асырады. Мәселен, Мақтаарал АПБ Жергілікті полиция қызметінің патрульдік полиция тобының қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Қанат Алсейтов қызмет атқару кезінде сағат 15:40 шамасында Алғабас ауылында жол жүру ережелерін бұзып келе жатқан Audi С4 маркалы көліктің жүрісінен күмәнданып, тоқтатты.

Содан жүргізушінің құжатын тексеру барысында ішімдік ішкеніне күмән туындап, медициналық куәландырудан өткізілді. Нәтижесінде тұрғынның мас халде екендігі анықталды. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша СДТБТ-ға тіркеп, заңды шешім шығару мақсатында Мақтаарал аудандық сотына жолдады.

Қазіргі таңда сот көлік жүргізушісін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша кінәлі деп танып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алып, жеті жылға көлік құралын басқару құқығынан айыруға үкім етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру