Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мақтааралдық полицейлер сауда орнынан киім ұрлаған тұрғындарды ұстады

Мақтааралдық полицейлер сауда орнынан киім ұрлаған тұрғындарды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал АПБ-не жеке кәсіпкер, жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оның киім сататын дүкеніне белгісіз адамдар заңсыз кіріп, сатылымда тұрған 16 дана джинсы шалбар, үш дана сырт киім, сегіз дана белдік, 12 дана жемпірін ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 250 мың теңгеден асады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді.

Орын алған қылмысты ашу мақсатында Мақтаарал АПБ-нің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылып, күдіктіні ұстауға бағытталған шараларды іске асырды. Куәгерлерден сұрастырып, бейнебақылау камераларын тексеріп шықты. Осылайша тәртіп сақшыларының жүргізген іздестіру жұмыстары барысында күдіктілердің жеке-басы анықталды. Күдіктілер екі күн ішінде ұсталды. Полицейлер олардың бірін Шымкент қаласынан жалдамалы пәтерлердің бірінен тапса, екіншісі үйінен құрықталды. Олардың біреуі бұрын сотты болған.

Тергеу барысында анықталғандай күдіктілер ұрланған киімдерді үйлерінде сақтаған. Сонымен қатар екі таныс қылмысты алдын ала жоспарлаған. Айғақты зат ретінде ұрланған киімдер алынып, заңды иесіне қайтарылды. Бүгінгі таңда күдіктілер кінәларын толық мойындады. Бас шарасы қамауда.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрлықтың алдын алу үшін барлық қажетті сақтық шараларын сақтауды ескертеді.Үйлеріңізге мүмкіндігінше бейнебақылау камералары мен дабылқаққыш орнатыңыздар. Сондай-ақ есіктеріңізге берік құлыптар, терезелеріңізге темір торлар жасатыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру