Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Отырар ауданының полиция басшысы халыққа есеп берді

Түркістан облысы Отырар ауданының полиция басшысы халыққа есеп берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отырар ауданы полиция бөлімінің бастығы Ермек Усербаев карантинге байланысты онлайн режимде халықпен кездесу өткізді. Кездесуде полиция басшысы ауданда орын алған қылмыстардың азайғанына кеңінен тоқталды. Яғни 2020 жылдың 9-айында атқарған жедел қызметтік жұмыстарының қорытындысымен тіркелген қылмыстың саны 148-ден 127-ге, яғни 14,2 пайызға дейін төмендетуге бағытталған кешенді іс-шараларды жүзеге асырды.

Осы тұрғыдан алып қарасақ, көптеген қылмыстардың төмендегені байқалады. Бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша қылмыс саны 27,8%-ға төмендеген, яғни биылғы жылы 57 жайт орын алса, өткен жылы 79 жайт орын алып, оның 23 ашылып 43,8 %- ды құраған. Ауданымызда пәтер ұрлықтары азайған, олардың саны 68,2%-ға төмендеген. 2020 ж. -7 жайт орын алса 2019 ж. 22 жайт болған.

Алайда, осыншама жұмыстар атқарылғанына қарамастан мал ұрлығы былтырғы жылмен салыстырғанда азаймай тұр. Сондықтан мал ұрлығына байланысты жұмыстарды жан-жақты жоғары деңгейде атқаруымыз керек. Үшжақты келісімнің жұмыстарын да жандандыруымыз керек. Бұл бағытта мал иесі ретінде сіздердің де қырағы және мұқият болғандарыңыз жөн,- деді полиция басшысы.

Сондай-ақ, қазіргі таңда Отырар ауданында бас санитардың қаулысына сай күнделікті мобильдік топпен бірге полиция қызметкерлері карантин талаптарын сақтау мақсатында халықпен түсіндіру жұмыстарын атқаруда. Халық арасында полиция қызметкерлері прокуратура қызметкерлерімен бірлескен іс-шаралар ұйымдастырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, баннерлер ілініп, брошюралар тарқатылған.

Тағайындалғанына әлі де көп уақыт бола қоймаған ауданның полиция басшысы Ермек Өсербаев аудан тұрғындарына: – Қылмыстардың болдырмауын бірлесіп атқарайық, алдағы уақытта қандай да арыз шағымдарыңыз болса тікелей менің қабылдауыма келсеңіздер болады, – деді сөз соңында.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру