Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда абақтыға жасырын түрде есірткі өткізбек болды

Павлодарда абақтыға жасырын түрде есірткі өткізбек болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласының АП-162/1 аралас қауіпсіздік мекемесінде ҚР ҚК 120-бабы 2-бөлігі және 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша 16 жылға бас бостандығынан айрылған 36 жастағы сотталғанға тыйым салынған затарды беріп жіберу әрекетінің жолы кесілді.

Мекеменің күзет және жедел бөлімдер қызметкерлерінің сәлемдемені мұқият тексеру барысында қысқы сырт киім астарына жасырған шығу тегі белгісіз ерекше иісі бар сұр-жасыл түсті зат анықталды. Қамаудағы сотталғанға бұл сәлемдемені курьерлік такси жүргізушісі жеткізген болатын.

Осы факті бойынша Павлодар қаласы ПБ-ның жедел-тергеу тобы мен Павлодар қаласы ЕҚБ-нің өкілдері тергеу шараларын жүргізді, ерекше иісі бар сұр-жасыл түсті зат тәркіленіп, сараптамаға жіберілді.

– Сотталғандарға сәлемдеме әкелген келушілермен және туыстармен үнемі түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Бірақ мұндай әрекеттер тыйылар емес. Болған заң бұзу фактісі бойынша шешімді сот шығарады, бұл айыппұл немесе ескерту шаралары. Дегенмен кездесуге келген жағдайда, бұл мүмкіндік есептелген болатынын атап өткім келеді. Тексеру тобының қызметкерлері келген барлық заттармен қатар, қызметкерлерді де мұқият тексеруден өткізеді, – деп түсіндірді мекеме басшасы Ардақ Имангалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру